_«Ақтөбе облысының білім басқармасы Ойыл ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кезектен тыс қамқоршылық кеңесінің
№3 хаттамасы
29 қыркүйек 2025 ж.
Қатысқандар саны - 20 адам
Шақырылғандар: -11 (өзін-өзі бағалау комиссия мүшелері)
КҮН ТӘРТІБІ
- «Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебі» КММ директоры М.С.Жонисованың мектепті өзін - өзі бағалау жұмысын жүргізу қорытындысы туралы есебін тыңдау.
ТЫҢДАЛДЫ:
- З.Ибағалиева- қамқоршылық кеңесінің төрағасы
Бүгінгі күн тәртібіне қойылған мәселе бойынша таныстырып, Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебінің 2025 жылдың 02 қыркүйегінен-30 қыркүйегі аралығында өзін-өзі бағалау жұмысы жүргізілгенін атап өтті. Мектептің өзін-өзі бағалау нәтижелерімен таныстыруға сөзді мектеп директоры М.С.Жонисоваға берді.
СӨЙЛЕУШІ:
М.С.Жонисова -өзін-өзі бағалау комиссиясының төрағасы, мектеп директоры
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы»№ 486 бұйрығының 2- тарау 3-тармағының 1,2- тармақшаларына сәйкес Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебінің кезектен тыс өткізілген №2 кіші педагогикалық кеңесінің шешімімен 2025 жылдың 02 қыркүйегінен-30 қыркүйегі аралығы өзін-өзі бағалау кезеңі деп танылып, өзін-өзі бағалау жүргізу үшін жоспар құрылды. Жоспарға сәйкес комиссия құрамы бекітіліп, комиссия мүшелері арасына тапсырмалар бөлініп берілді. Өзін-өзі бағалау кезінде білім беру қызметіндегі нормативтік –құқықтық актілермен жеке қолданыстағы құқықтық актілер зерделенді. Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметін бағалауға арналған өлшемшарттарына сәйкес бағалау парағы толтырылып, білім беру қызметтерін көрсету сапасына «жақсы» деген қорытынды берілді. (слайдпен бағалау парағы көрсетілді) Мектептің қызметіне өзін-өзі бағалау барысында педагог кадрлардың тиісті бейінін анықтайтын құжаттарының үлесі, біліктілік санаттары бойынша үлес пайызы, біліктілігін арттыру курстарынан өткен педагогтердің үлесі, мемлекеттік тіркеу тізіліміне сәйкес жабдықтармен және жиһазбен жарақтандырылуымыз, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар үшін жасалған жағдайлар, оқу- әдістемелік кешендермен қамтамасыыз етуіміз сәйкестігі бағаланды. Мектеп педагогтары мен 4-9 класс білім алушыларының ата-аналарынан және мектеп алды дайярлық класының тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне ата-аналардың пікірін білу үшін, сапалы оқыту мен тәрбиелеу үшін жағдайдың жасалу деңгейін анықтау үшін педагогтерден онлайн сауалнамалар алынды. Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Б.Бекетаев мектеп қызметіне жүргізілген өзін-өзі бағалау жұмыстарына қанағаттанатынын, Мектепте магистрлер санын арттыру керек екенін ескертті.
Қамқоршылық кеңесінің төрағасы А.Орақ өзін-өзі бағалау жұмыстарының берілген қорытындысын қолдайтындығын атап өтті.
Күн тәртібіне қойылған мәселе толық тыңдалып, талқыланып
ШЕШІМ ЕТТІ:
- Мектеп басшысының өзін-өзі бағалау жөніндегі есебінің нәтижелері «жақсы» деп бағалансын.
2. Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебі өзін- өзі бағалау жұмысының қорытынды анықтамасы мектептің интернет-ресурсында уақытылы жариялансын.
3.Қамқоршылық кеңесінің шешімі мектептің интернет-ресурсында жариялансын.
Кеңес төрағасы: З.Ибағалиева
Хатшы: Г.Сулейменова
Кеңес мүшелері: Б.Бекетаев
М.Ғалымжанова
С.Уткельбаева
А.Дінжанова
Н.Ешимов
А.Дуйсегалиева
Б.Ұлыкпанов
С.Ажниязова
Е.Базаров
А.Тлепбергенова
Г.Сарсенова