Ақтөбе облысы білім басқармасының Ойыл ауданы білім бөлімінің «Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебі» КММ
КГУ «Уилская казахская средняя школа имени Ж.Жусибалиева» отдела образования Уилского района Управления образования Актюбинской области
КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТ
КОНСУЛЬТАТИВТІК ПУНКТ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ
Құрметті ата-аналар мен оқушылар!
Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебінде консультациялық пункт жұмыс істейді. Бұл пункт ата-аналар мен балаларға түрлі мәселелер бойынша кеңес беруге арналған.
Консультациялық пункттің мақсаты:
- Балалардың білім алуы мен дамуына қатысты сұрақтарға жауап беру;
- Психологиялық және педагогикалық қолдау көрсету;
- Ата-аналарға тәрбие мәселелері бойынша көмек көрсету;
- Құқықтық кеңес беру.
Жұмыс уақыты:
- Күндері: әр аптаның сейсенбі және бейсенбі күндері
- Сағат: 10:00 – 12:00
Кеңес беретін мамандар:
- Педагог-психолог: Ажниязова Сауле Нургалымовна
- Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Дінжанова Айнаш Айбекқызы
- Мектеп директоры: Жонисова Маржан Салимгерейкызы
Қызмет түрлері:
- Психологиялық қолдау
- Білім беру және тәрбие мәселелері бойынша кеңес
- Арнайы білім беру қажеттіліктері бар балаларға көмек
- Құқықтық және әлеуметтік мәселелер бойынша ақпарат беру
Байланыс үшін:
- Телефон: 8 713 32 2 17 30
- Мекенжай: Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы.Ойыл селосы Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебі.





