Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облысы білім басқармасының Ойыл ауданы білім бөлімінің
«Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебі» КММ

КГУ «Уилская казахская средняя школа имени Ж.Жусибалиева»
отдела образования Уилского района Управления образования
Актюбинской области

МЕНЮ

Мектеп тарихы

Ойыл қазақ орта мектебі 1930 жылы алғашқы шәкірттерін қабылдады.

Ойыл қазақ орта мектебі 1930 жылы 1 қазанда «Октябрьдің 10 жылдығы атындағы Ойыл шаруа жастарының 9 жылдық мектебі» деген атымен тарихқа енді.

1935 жылы еліміздің ірі қалаларынан тағдырдың айдауымен орыс интеллигенттері келіп, көпшілігі оқытушылық жұмыспен айналысты.

Соғыстың қаһарлы қара бұлты түнеріп тұрған 1939 жылы мектепті тұңғыш бітірген 15 бала қаршадай жастарынан зұлым жауға қарсы шықты.

1939 жылы 27 ақпанда ұлы көсем В.ИЛениннің жан серігі, әйгілі педагог Н.К.Крупскаяның қайтыс болуына байланысты, мектепке Н.К.Крупская есімі берілді.

1878 жылы мектеп құрылысы басталып, 1882 жылы аяқталған. Ауданда алғашқы оқу орны Ойыл өңіріне белгілі Күмісқали зергердің баласы Меңдібайдың Талтоғай деген жерде салдырған екі жылдық мектеп үйі.Жергілікті жерде қызыл кірпіштен күйдіріліп салынған, биіктігі үш метрдей, ені жиырма,ұзындығы 30 метрдей егіз құрылыс.

Ойыл өңірінде ғана діни оқу орындарын былай қойғанда, орыс біліміне бағыт ұстаған Аяпберген мектебі, Нәкеш мектебі, Ұлжан мектебі сияқты көптеген мектептер ашылды. Ресми деректерге сүйенсек Санаторий мекеніндегі «Қызыл мектеп» о баста орыс- қырғыз мектебі болып ашылғанмен, кейін Кеңес үкіметі тұсында шаруа жастар мектебі болып жұмыс жасады. Ол 1928 жылы салына бастаған. Ойылдағы мектеп құрылысы аудан орталығының тұрғындары үшін емес, бүкіл Ойыл өңірі үшін зор жаңалық, қуанышты оқиға болды.

 

ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 24 шілдедегі №1000 қаулысымен Ж.Жүсібалиев есімі берілген

© 2025 Ақтөбе облысы білім басқармасының Ойыл ауданы білім бөлімінің
«Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебі» КММ КГУ «Уилская казахская средняя школа имени Ж.Жусибалиева»
отдела образования Уилского района Управления образования
Актюбинской области